Сия толтыру

Картридждерге сия толтыру және ұйымдастыру техникасын жөндеу

It аутсорсинг

Компьютерлік көмек, жөндеу және қолдау көрсету

Жеткізілім

Шығыс материалдар жеткізу

Жеткізу

Біз картридждерге сия толтыру үшін тегін алып кетіп, тегін әкеп береміз

“UniNet” компаниясының сервистік орталығы картридждерге сия толтырып, оларды қалпына келтіреді, сонымен қатар принтерлер мен копирлерге қажетті шығыс материалдарын, оның ішінде әлемнің жетекші өндірушілері: Canon, Epson, Hewlett Packard (HP), Samsung, Lexmark, Kyocera Mita, Toshiba, Xerox және т.б. төл өнімдерін жеткізумен айналысады.

Біз серіктестерімізге жай ғана шығыс материалдары мен қосалқы бөлшектерді ұсынып қана қоймаймыз. Біз Сізге операциялық шығыстар мен ұйымдастыру техникасына қызмет көрсету уақытын біршама азайтуға мүмкіндік беретін шешімдерді ұсынуға әзірміз. Компания 90%  корпоративтік сегментте жұмыс істеп, өз клиенттерін қазіргі заманғы кеңсеге күнделікті жұмысына қажет заттармен қамтамасыз етеді. Нарықтағы біраз жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқандықтан компанияның ірі ұйымдарды қоса алғанда, бірқатар тұрақты клиенттері бар.

Оқып шығыңыз

Өндіріс жайлы
Бізде картридждерді түгел тазалап, сапалы сия толтырып, оларды қайта қалпына келтіру үшін барлық құрал-жабдықтар бар. Оған қоса, шығаратын өнімдерімізді сынауға мүмкіндік беретін бүкіл ұйымдастыру техникалары бар. Осының арқасында “UniNet” компаниясы өз өнімдерінің сапасына қашан да сенімді.

одан әрі оқу

Лазерлік принтердің, мфу мен түрлі түсті лазерлік принтердің картридждерін толтыру — көптеген арнайы шығыс материалдары мен жабдықтардың болуын талап ететін күрделі өндірістік процесс. Картридждерді Алматының орталығында толтыру деген сөз -
картриджді толыққанды жабдықталған шеберханада толтыру. Бізде ұйымдастыру техникасын шығаратын Brother, Canon, Epson, HP, Kyocera Mita, Lexmark, Panasonic, Samsung, Toshiba, Xerox және т.б. сияқты кез келген өндірушінің картриджін толтыруыңызға болады.

одан әрі оқу

Білген жөн!
Картридждерді толық сынап, қажет болса, тозған тораптарының бәрін ауыстырып, арнайы жабдықталған өндірістік орын-жайда ғана сапалы толтырып, қалпына келтіруге болады. Картриджді кеңсеңізге келіп, қолға шаңсорғыш пен газет алып, жұмыс үстелінің басында толтырғанның тиімі аз. Бұл қағазға басып шығарудың орташа сапасын да бермей, картриджге басып шығарудың қажетті ресурсын қамтамасыз етпейді.

одан әрі оқу

Кепілдіктер турасында
“UniNet” компаниясы шығаратын өнімдер мен көрсететін қызметтерінің барлық түрлеріне басып шығаратын картридждің ішіндегі тонер аяқталғанға дейін (тонер өндіруші белгілеген нормадан 10% қалса, тонер аяқталған болып саналады) уақыт жағынан шектеуі жоқ кепілдік беріледі. “UniNet” картридждерін пайдаланатын басып шығару құрылғыларына кепілдік (1 жыл) осы басып шығару құрылғысында пайдаланылатын басып шығару картриджі сатып алынған сәттен бастап, беріледі

одан әрі оқу

ЖАБДЫҚТАУЫШТАР ТУРАЛЫ

Әлемде картридждерді толтыруға және қалыпқа келтіруге арналған жабдықтауыштарды — тонер, фотобарабан, резеңке және магнитті біліктер, ракель, микросхемалар және т.б. жабдықтауыштарды шығаратын көптеген компаниялар бар.
Барлықтарының сапасы мен бағалары әртүрлі.

Бізді нарықтағы бәсекелес фирмалардан жабдықтауыштардың сапасына, яғни өнімдеріміздің басып шығару сапасына қатаң талап қоюымыз ерекшелейді. Біз жабдықтауыштарға ақша үнемдемей, ең сапалы деген өнімдерді таңдаймыз. Пайдаланылатын тонердің сапасы мен мөлшерін үнемдемей, қолайлы бағаға әрдайым ең жақсы деген өнімді ұсынуға тырысамыз. 

Біздің кеңселер

Алматы

Астана

Қарағанды

Өскемен

Шымкент

Ақтөбе

Ақтау

Біз жайлы пікір

UniNet компаниясы алты жылдан бері бізді ұйымдастыру техникасын сүйемелдеп, оларға сервистік қызмет көрсетуден бастап, кәсіби басып шығару жүйелері бойынша жобаларды іске асыруға дейін жоғары сапалы қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз етіп отыр.

«КазАтомПром» ҰАК» АҚ

Сервис-орталық жұмысын тиісті сапада әрі нақты белгіленген мерзімде орындайтынын айтқымыз келеді.

Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі

Ынтымағымыз жалғасып келе жатқан уақыттан бері компания өзін алда тұрған мәселелерді шұғыл әрі сапалы шеше алатын сенімді серіктес екенін көрсетті.

«ЦеснаБанк» АҚ